«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы жылумен жабдықтау, суды жылыту және электр энергиясын өндіру қызметтерін көрсетеді. Ерекшелігі — жоғары жылу үнемділігімен сипатталатын құрамдасталған электр энергиясын және жылу энергиясын өндіру. Кәсіпорында белгіленген жылу қуаты — 976 Гкал/сағ., электр қуаты — 58,5 МВт. 64 000 мыңнан астам жеке тұлға және 2 <nobr>000-ға</nobr> жуық заңды тұлғалар мен кәсіпорындар қызметтерімізді тұтынады. Өз жұмысымызда біз тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатын басшылыққа алып, жабдықты авариясыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету және қызметтер сапасын жақсарту бойынша жұмыстанамыз.
1. Жылумен жабдықтау
Үй-жайдағы жылу шығындарын өтеу және адамға жайлы талаптарға сай деңгейде температураны ұстап тұру мақсатында үй-жайды жылытуға арналған жылу энергиясын беру осы қызметке кіреді (тұрғын үй-жайларға 20 ОС). «Жайықжылуқуат» АҚ Орал қаласындағы бірден-бір орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі болып табылады. Ол 1163 тұрғын үйге жылу беріп отыр. Нормативтер бойынша жылыту маусымының ұзақтығы 200 тәулікті құрайды. Жылу энергиясы <nobr>105-70</nobr> ОС температуралық кесте бойынша беріледі.
2. Ыстық сумен жабдықтау
санитарлық және гигиеналық мақсаттарда тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын беру. Жылумен жабдықтау жүйесі жабық деп аталады, себебі ол тұтынушыларға жылуды ғана емес, сонымен бірге жылу тасымалдағышты да береді. Су құбырынан алынатын салқын су қосымша желі суының жылу алмастырғышында (ЖЭО-дан) жылытылып, тұтынушыға келеді. Ыстық су мен жылу тасымалдағыш бөлек келеді, адамдар тұтынатын ыстық су сапасы салқын ауыз су сапасынан еш айырмашылығы жоқ.
3. Электр энергиясын өндіру
Электр энергиясы ЖЭО-ның энергетикалық қазандары мен турбиналары, БГҚ блогының газ турбинасы көмегімен өндіріледі. «Жайықжылуқуат» АҚ-ның электр энергиясы бойынша жылдық өндірімі жылына 320 млн.кВтсағ. астам және жылу энергиясы бойынша 1,0 млн.Гкал астам көлемді құрайды. Электр энергиясы заңды тұлғаларға, шарттар бойынша 25 ұйымға өткізіледі, электр энергиясының ең ірі тұтынушысы — «Батыс Қазақстан ТЭК» АҚ — жалпы көлемнің 53% астамы сатылады.