«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
Хабарландыру.
17.04.2026
 
 

     Орал қаласы тұрғындарының назарына!
     «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы 2026 жылғы 20 сәуірден бастап: 4-ші, Қадыр Мырза Әлі атындағы, Д. Қонаев атындағы, «Строитель», «Астана» шағынаудандарында, сондай-ақ Әбілқайыр хан даңғылы, С. Восток-2, Автопарк, «Айгүл» дүкені маңы, №31 және №22 мектеп аудандары, У. Громов, Орақбаев, Айталиев көшелерінде кварталішілік жылу желілерімен бірге 4, 8, 3-жылу магистральдарын гидравликалық сынауға дайындық жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
    16 атмосфераға дейінгі гидравликалық сынаулар 2026 жылғы 21 сәуір күні сағат 09:00-де басталады.
    Сынақтар кезеңінде тұтынушылар жылу пункттері мен басқару тораптарындағы ішкі жылыту, ыстық сумен жабдықтау және желдету жүйелерін ажыратуы тиіс.
    Сынақ жүргізу мерзімінде жылу желілерінің құбырлары өтетін және жылу құдықтары орналасқан аумақтарда болуға, сондай-ақ кез келген жұмыстарды жүргізуге  ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
    Сынақтан өткен жылу желілері ыстық су берілімімен бірге мерзімінен бұрын қосылатын болады.
    Құбырлардың жарылуы немесе жылу тасығыштың ағып кетуі анықталған жағдайда хабарласу телефондары: 24-04-08, 24-01-63.