Құрметті Орал қаласының тұрғындары, жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрам.
"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді дана халқымыз. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық.
Осынау айтулы күні баршаларыңызға шын көңілмен зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілейміз.
Алдағы уақытта Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен, "Жайықжылуқуат" АҚ әкімшілігі.