Құрметті Орал қаласы мен облыс тұрғындары, қымбатты жерлестер!
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамының атынан баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын!
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге- молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
«Жайықжылуқуат» АҚ
бас директорының м.а. Б.Т.Камешов.