«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы жылу желісін күрделі жөндеу жоспарына сәйкес 2024 жылғы 24 маусым сағат 14.00-ден 09 шілде сағат 18.00-ге дейін Аманжолов к-сі, 111; Ықсанов к-сі, 73; Назарбаев даңғ., 206 мекен-жайлардағы абоненттерге ыстық су берілімі тоқтатылатынын хабарлайды.
Ұзындығы 86 метр Д159 жылу желісі құбырын ауыстыру жоспарлануда.
Бұл жұмыстар алдағы 2024-2025 ж.ж жылыту маусымына дайындық үшін жүргізіледі.
Осы аудан тұрғындарынан келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Құрметпен, «Жайықжылуқуат» АҚ