"Жайықжылуқуат" акционерлік қоғамы жоспар бойынша жылу желісін күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға байланысты 2024 жылғы 16 қыркүйек сағат 14.00-ден 24 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін 4-ші ш/а, 11,15,17,18 үй, №41ЖББМ мекен-жайлары бойынша тұратын абоненттерге ыстық су берілімі тоқтатылатынын хабарлайды.
Жұмыстар барысында ұзындығы 12 метр трассада 2Д89 жылу желісінің құбырлары мен 2Д57 ыстық су құбырлары ауыстырылады, .
Бұл жұмыстар 2024-2025 ж.ж. жаңа жылыту маусымына дайындық үшін жүргізіледі.
Осы аудан тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністікпен қарауды сұраймыз.