«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
Республика күнімен құттықтаймыз!
25.10.2024
 
 

     Құрметті Қазақстандықтар!

     Сіздерді мемлекетіміздің ұлттық мерекесі- Республика күнімен  шын жүректен құттықтаймыз!
     25 қазан — еліміз үшін маңызды күн! Дәл осы күні 1990 жылы ел егемендігі туралы декларация қабылданып, Қазақстан тәуелсіздігінің іргетасы қаланды.  Бұл егемен еліміздің тарихына деген құрметіміз бен болашаққа деген сенімімізді білдіретін күн.
     Алдағы уақытта баршаңызға зор денсаулық,  еңбегіңіз бен игі бастамаларыңызға толағай табыс,  жанұяларыңызға бақыт пен ырыс - береке тілейміз!
     Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

     "Жайықжылуқуат" АҚ әкімшілігі.