Құрметті жылу энергиясының тұтынушылары!
«Жайықжылуқуат» АҚ ақылы негіздегі шарт бойынша келесі қызметтерді ұсынады:
• оқу-курстық пунктінде: жылуалмасу пунктінің операторы, газ қазандығы операторы, газ қазандығы машинисі, газэлектрдәнекерлеуші, газ құбырларын жөндеу және қызмет көрсету слесарі, жылу желілерін жөндеу және қызмет көрсету слесарі, ілмектеуші, автокраншы, газ баллонды автомобиль жүргізушісі, электрик, химиялық талдау зертханашысы, турбиналар машинисі мамандықтарына оқыту;
• объектілердің ішкі жылу жүйесін гидравликалық сынау және жуып-шаю (жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін монтаждау, құбырларды жылу желілеріне жалғау жұмыстары);
• тұтынушылардың өтінішімен жылу желілеріне қосу;
• үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату (монтаждау, демонтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары)
• үйішілік жылу желілеріне және жабдыққа техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу және қайта құру (элеваторлық тораптарды, бекіту арматурасын түгендеп тексеру, жылу және ыстық су жүйелерінің тарату құбырларынан бақылау кесінділерін алу, коррозияға ұшыраған құбыр учаскелерін ауыстыру, су жылытқыштарын тазалау және ауыстыру, лай ұстағыштарды түгендеп тексеру, ақаулы бекіткіш арматураны ауыстыру, бұзылған жылу оқшаулауды қалпына келтіру жұмыстары).
Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:
8-777-234-75-66 (күрделі жөндеу және қайта құру бөлімі)
24-01-63 (өндірістік-техникалық бөлім)
53- 30- 11 (жылу инспекциясы бөлімі)