«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
Хабарландыру
26.09.2022
 
 



       «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы жылу энергиясы тұтынушылары мен қала тұрғындарының назарына  26.09.2022 ж. А.Черекаев, Х. Доспанова, А. Кердері, М.Мәметова көшелері, Абай даңғылы, А.Молдағұлова, Локомотивная көшесі, Теміржол вокзалы  ауданы, «Омега» зауыты ауданы, № 22 ЖОББМ ауданы, «Нұржанар» зауыты ауданы кварталішілік жылу желілерімен бірге 2, 3,5 -ЖМ жылу магистральдарын гидравликалық сынауға дайындау жұмыстарының жүргізілетінін хабарлайды.
       16 атм. дейінгі гидравликалық сынаулар  27.09.2022ж. сағат 9:00-де басталып,  бір ай ішінде мезгілімен қайталанып тұрады.
       Сынаулар кезеңінде тұтынушылар жылу пункттері мен басқару тораптарындағы ішкі жылыту, ыстық сумен жабдықтау және желдету жүйелерін ажыратуы тиіс.
       Сынаулар мерзіміне жылу желілерінің құбырлары өтетін және жылу құдықтары орналасқан жерлерде болуға және кез-келген жұмыстарды жүргізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
       Сынаудан өткен жылу желілері ыстық су берілімімен мерзімінен бұрын қосылады.
       Құбырлардың жарылуы, жылу тасығыштың жылыстауы анықталған жағдайда келесі телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз: 24-04-08, 24-01-63.                                                             

       «Жайықжылуқуат» АҚ әкімшілігі