«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданы индекс: 090005Орал ЖЭО
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданыиндекс: 090005Маркетинг бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Аманжолов көш 178

«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Орал ЖЭО

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Маркетинг бөлімі

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы,
Аманжолов көш 178

Хабарландыру.
23.08.2022
 
 

    «Жайықжылуқуат» АҚ жылу энергиясын тұтынушылар мен қала тұрғындарының назарына 25.08.2022 жылдан бастап 7-ЖМ жылу магистралі Н.Назарбаев даңғылы, Ә.Кердері көшесі, Құрманғазы көшесі, Абай даңғылы, Т.Масин, Есқалиев, Сарайшық көшелері, Ж.Молдағалиев, Ғ.Қараш, Қ.Жұмағалиев көшелері, БҚМУ, ІІД, Облыстық аурухана аудандары, «Зенит», «Гидроприбор» зауыттары, Школьник СҮ, Юбиляр аудандарынан өтетін кварталішілік жылу желілерімен бірге гидравликалық сынауға дайындық жұмыстары жүргізілетінін жеткізеді.
    16 атм дейін гидравликалық сынау 26.08.2022 жылғы  сағат 9-00-де басталады және бір ай ішінде мезгіл-мезгіл қайталанады.
    Сынақ кезеңінде тұтынушылар жылу пункттері мен басқару тораптарындағы ішкі жылыту, ыстық сумен жабдықтау және желдету жүйелерін ажыратуы тиіс.
    Сынақ кезеңінде жылу желілерінің құбырлары мен жылу құдықтарының өту орындарында болуға және кез келген жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
    Құбырлардың жарылуы, жылу тасығыштың ағуы байқалған жағдайда, 24-04-08, 24-01-63 телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.
    Сынақтан өткен жылу желілері ыстық су беріле отырып, мерзімінен бұрын қосылатын болады.