«Жайықжылуқуат» АҚ жылу энергиясын тұтынушылар мен қала тұрғындарының назарына 17.08.2022 жылдан бастап 4-ЖМ, 8-ЖМ жылу магистральдарының 4-ші, 5-ші, «Д.Қонаев» атындағы, «Строитель», «Астана» шағын аудандарының, Әбілхайыр хан д-лы, С.Восток 2, Автопарк және «Айгүл» дүкені, 31-ші мектеп аудандары, У.Громова, Орақбаев, Айталиев көшелері ішкі кварталдық жылу желілерімен бірге гидравликалық сынауға дайындық жұмыстары жүргізілетінін жеткізеді.
16 атм дейін гидравликалық сынау 18.08.2022 жылғы сағат 9-00-де басталады және бір ай ішінде мезгіл-мезгіл қайталанады.
Сынақ кезеңінде тұтынушылар жылу пункттері мен басқару тораптарындағы ішкі жылыту, ыстық сумен жабдықтау және желдету жүйелерін ажыратуы тиіс.
Сынақ кезеңінде жылу желілерінің құбырлары мен жылу құдықтарының өту орындарында болуға және кез келген жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Сынақтан өткен жылу желілері ыстық су беріле отырып, мерзімінен бұрын қосылатын болады.
Құбырлардың жарылуы, жылу тасығыштың ағуы байқалған жағдайда, 24-04-08, 24-01-63 телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.