«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
Хабарландыру
23.04.2025
 
 

     «Жайықжылуқуат» АҚ 2025 жылы республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен «ЖЭО коллекторынан ТК-10-да түсетін жерге дейін 2-ЖМ қайта құру» ("Сити-Центр" СОО ауданы) ЖЖ іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тапсырыс беруші «Орал қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ болып табылады.  ҚМЖ бойынша мердігер «KazPolymerStroy» ЖШС.
     2 -ЖМ жылу магистралі  1987 жылы пайдалануға берілді. Қайта құрылатын  2-ЖМ жылу магистралі «Жайықжылуқуат» АҚ теңгерімінде тұр және 2830 абоненттің ( шамамен 10 000 тұрғыны бар 43 көппәтерлі тұрғын үйлер, 2 жеке тұрғын үй) және 7 әлеуметтік нысандарын  жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді (Орал қаласының №8 ЖОМ, №25 ЖОМ, №12  «Аленушка»  б/б, Орал политехникалық колледжі, БҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Мұзда сырғанау спорт сарайы, №4 БЖСМ).
     Жобада көтергіш темір бетон  конструкцияларын ауыстыру, жылумен жабдықтау құбырларын бөлшектеу,  10705 МЕМСТ бойынша 2Д820-1,296 км, 2Д1020-2,673 км алдын ала оқшауланған құбырлармен жер үсті орындауындағы құбырларды монтаждау қарастырылған, жылу оқшаулағыш қабаттың ылғалдылығыжоғары учаскелерді анықтауға арналған  қашықтан  жедел бақылау жүйесімен бірге полиуретанды көбіктен жасалған жылу оқшаулағышы бар ст20 маркалы болаттан және жұқа табақты мырышталған болаттан жасалған қабықшаларды ауыстыру көзделеді.
     2024-2025 жж ОЗП аяқталуына байланысты  2025 жылғы 24 сәуірден бастап 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін «Жайықжылуқуат» АҚ объектіні қайта құру жөніндегі іс-шараларды орындау үшін учаске берілетін болады, жоғарыда айтылғандарға байланысты ыстық сумен жабдықтау  келесі мекенжайлар бойынша тоқтатылады:

     Черекаев 20,18,26;
     Абай 105,107,111,  113, 113/1,115,117,117/1,190,190/1,196/1,208/1,216;
     Молдавская 2/1; 20
     Щурихин 5,40;
     Ярославская 6,8,10,12,2/3.
     Мұзайдыны сарайы, 25 ЖОБМ.