Құрметті Орал қаласының тұрғындары және әріптестер!
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамының атынан Сіздерді төл мерекеміз-Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің сала әлеуметтік маңызы бар орта бола отырып, еліміздің экономикасын дамытуға серпін беріп отыр. Энергетикада өз өмірін осы мәртебелі және жасампаз мамандықпен байланыстырған мыңдаған мамандар жұмыс істейді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатырған үлкен еңбекке жоғары баға беріледі. Энергетиктер өз мерекесін жұмыс орындарында қарсы алып, ауа райы жағдайына қарамастан, тұрғындардың үйі жылы, жарық және жайлы болуы үшін бар күш-жігерін жұмсайды.
Осы орайда энергетика саласының барлық мамандарына күн сайынғы үздіксіз және сенімді энергиямен қамтамасыз етудегі күрделі де жауапты еңбектеріне алғыс айтамын.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, бақыт және ырыс -береке тілеймін.
«Жайықжылуқуат» АҚ
бас директоры Б.Г.Акимгужин