«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
«Жайықжылуқуат» АҚ ұжымы атынан Сізді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
09.05.2025
 
 

Құрметті Орал қаласының тұрғындары, жерлестер!

    «Жайықжылуқуат» АҚ ұжымы атынан Сізді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
9 мамыр – бір кездері қан майданда туған жерін ерлікпен қорғаған аға буын өкілдерінің жанкешті ерлігі мен отансүйгіштігінің  жарқын өнегесін бүкіл әлемге паш еткен,  бейбіт өмір әкелген ең қымбат тарихи күн болса, бүгінде еліміздің барлық халқы үшін ең қуанышты күнге айналған күн.
Осынау айтулы күнде қан майданның алдыңғы шебінде ерлік танытып, тылда қажырлылықпен еңбек етіп, қайыспас қайсарлық көрсеткен құрметті ардагерлерді құттықтаймыз және алдарында бас иеміз.  Олардың жасаған батырлығы мен ержүректілігі жас ұрпақ үшін әрқашан  үлкен үлгі-өнеге болып қала береді.
    Осынау ұлық мерекеде баршаңызға дендеріңізге саулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын алаңсыз күндерін, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз.