«Жайықжылуқуат» АҚ жылу энергиясы тұтынушыларының, қала тұрғындарының назарына хабарлайды, Орал қаласы әкімдігімен бекітілген және келісілген магистралдық және кварталішілік жылу желілерін сынау кестесіне сәйкес келесі жылу магистралдары бойынша тығыздық пен беріктікке гидравликалық сынаулар өткізіледі:
1) №4,8 ЖМ: 4, 5-ші, «Д.Қонаев», «Строитель», «Астана» шағынаудандары, Әбілқайыр хан даңғылы, С.Восток -2, Автопарк және «Айгүл» дүкені, 31-ші мектеп аудандары, У.Громова, Орақбаев, Айталиев көшелері;
2) №6 ЖМ: Орда, Гагарин, Демократическая көшелері ауданы, Ет комбинаты ауданы;
3) №7 ЖМ: Достық даңғылы, А.Кердері, Т.Масин, Есқалиев көшелері, Сарайшық к-сі, Ж.Молдагалиев, Ғ.Қараш көшелері, Фрунзе к-сі, Пединститут, ІІД ауданы, Обл.аурухана, “Зенит” зауыты, “Гидроприбор” ауданы;
4) №2,3,5 ЖМ: Деповская к-сі, Алмазов к-сі, А.Кердері к-сі, М.Мәметова к-сі, Еуразия даңғылы, А.Молдағұлова к-сі, Локомотивная к-сі, Теміржол бекеті ауданы, «Омега» зауыты ауданы, № 22 ЖББМ ауданы, Сыра зауыты ауданы;
5) ГТС-54: «Строитель» шағынауданы, №5 шағынауданы, Циолковский көшесі, У.Громова к-сі, Щорс к-сі, Лиманная к-сі, Мирный тупик к-сі, Матросов к-сі, Әбілқайыр хан даңғылы.
16 атм.дейінгі гидравликалық сынаулар 2017 жылғы 6-тамыз күні сағат 9.00-де басталып, ай бойына мерзімімен қайталанып тұрады.
Тұтынушылар сынаулардың өтуі кезеңіне жылуалмасу пунктілері мен басқару тораптарында ішкі жылу, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін және желдетуді айыруға тиісті.
Сынаулар мерзіміне жылу желілерінің құбырлары өтетін және жылу құдықтары орналасқан жерлерде болуға және кез-келген жұмыстарды жүргізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Сынаудан өткен жылу желілері ыстық су берілімімен бірге мерзімінен бұрын қосылады.
Құбырлар жарылып, жылутасымалдағыштың жылыстауы анықталған жағдайда келесі телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз: 23-95-07, 23-79-57, 23-95-37.
Орал қаласының магистралдық және кварталішілік желілерінде кейін өтетін сынаулар туралы бекітілген кестеден қөруге болады.
2017 жылғы тамыз-қыркүйек айларында өтетін жылу желілерін сынау кестесі
«Жайықжылуқуат» АҚ әкімшілігі.