«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
Жаңа жыл құтты болсын!
31.12.2024
 
 

   

    Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

    «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы ұжымының атынан келе жатырған 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
    Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Сіздерге келер жыл  күш-қуатыңызға деген сенімділік әкелсін. Барлық бастамаларыңыздың бағы жанып, сүйікті істеріңіз қанағат әкелсін, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін. 2025 жылы ырыс пен ынтымақтың жылы болып, әр шаңырақта жарық сәулесі, жылулық пен жайлылық ұяласын.
    Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, құт-береке мен жетістіктер тілеймін. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын! Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен,
«Жайықжылуқуат» АҚ
бас директоры  Б.Г.Акимгужин