«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданы индекс: 090005Орал ЖЭО
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданыиндекс: 090005Маркетинг бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Аманжолов көш 178

«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Орал ЖЭО

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Маркетинг бөлімі

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы,
Аманжолов көш 178

Кері байланыс
Displaying results 26 to 28 out of 28
Previous 1 2 3 4 5 6
08.12.17 АТ бөлімі Құрметті абоненттер, өз мәселеңізбен сайтқа жүгінген кезде аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды (көше, үйдің және пәтердің нөмірін) нақты және толық көрсетуіңізді сұраймыз. Толық берілген мәліметтер мәселеңізді тез арада шешуге мүмкіндік береді. Мәлімет толық берілмеген жағдайда оны абоненттер дерек базасынан іздеуге сұрату беруге мәжбүр боламыз, ал бұл болса Сізге жауап беру мерзімін ұзарта түседі.
17.10.16 Бауржан Қыс бойы тоңып шығамыз. Күндіз аз жылу бергенімен түнімен суық болып тұрады. Өшіріп тастайды десекте болады. Кішкентайымызбен қыс бойы ауырып шығамыз. Осы мəселені шешіңіздерші. Болмаса үстеріңізден арыз жазайын. Болмаса толық өшіріңіздер. Басқа альтернатив іздейік. Ай сайын 8000 теңге босқа төлегім келмейді. Жауап: «Құрметті Бауыржан! Түскен шағымыңызға орай «Көктем» ш/а, Қамбар батыр к-сі, 6 мекен-жайдағы тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Жылу тасығыштың параметрлері тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етіп отыр. «Тұрмыстық тұтыну үшін жылумен жабдықтау шартының» 7.9-тармағына сәйкес «Жеткізуші:
а) тұтынушының жылу коммуникациялары бұзылғанда;
б) кондоминимум объектісінің жылу коммуникациялары бұзылғанда
жылу энергиясының жеткіліксіз берілуіне және жылу тасығыш параметрлерінің төмендеуіне жауап бермейді».
«Жайықжылуқуат» АҚ тұрғын үйге жылу энергиясын беру бойынша өз шарттық міндеттемелерін орындап отыр. Осы мәселе бойынша Мұханбетқалиев ЖК-не жүгінуді ұсынамыз.
22.02.16 Ботагөз Кабдылкадирова Мен мкр .Астана 15 кв 30 тұрамын. Бізде жылу есептегіш орнатылған ба? Орнатылса есептегішпен акшаны калай төлейміз? жауап күтемін. Жауап: Құрметті Ботагөз Кабдылкадирова, жүгінуіңізге орай хабарлаймыз, Астана ш/ауд., 15-үй мекенжайы бойынша үйге ортақ жылуды есепке алу аспабы орнатылған. Бүгінгі күнге тексеру аралығы аяқталды. Жылуды есепке алу аспабын тексеру мәселесі бойынша Сізге пәтер иелері кооперативіне (КСК) жүгіну қажет, себебі осы жылуды есепке алу аспабы үйге ортақ меншік болып табылады. Жылуға ақы бекітілген 146,75 теңге/м2 тарифі бойынша есептеледі. Тексеру өткізілген соң жылу ақысын есептеу аспап көрсетуі бойынша жүргізіледі.
Previous 1 2 3 4 5 6