«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
Кері байланыс
Displaying results 6 to 10 out of 23
07.07.20 .. 000852108 дербес шоты бойынша қарыз қанша? Жауап: Сіз көрсеткен шот бойынша берешек 9503,22 теңгені құрайды.
11.03.20 Айымгул Куангалиевна Саламатсыздарма мен жылуға барлық бере жақтарды төледім енді неге шегермейсіздер қайта қайта бере бересіздер. 8323,95 акша нөмір квитанции 000110551590.01.01.2020 жыл сағат 16:36:18.төленді.7848,23 акша нөмір квитанции 6816617940. 08.03.2020жыл. сағат22:49:17.төленді. 6333,17 акша нөмір квитанции 68179905406 сағат 23:29:51.төленді. осыны шегеріңіздер қарауларыңызды сұраймын жауап күтемін.рахмет. Жауап: Саламатсыз ба, Сіздің жасаған төлемдеріңіз қабылданды, наурыз айына берешегіңіз жылуға - 5100,11 теңге және суды жылытуға - 436,94 теңге барлығы-5537,05 тг.
01.02.20 Аты және Тегі* Мен өткенде сіздерге төменде жылу төлемінің есептегіш емес шаршы метр бойынша төлеп отырғанымызды айтқанмын. Сіз Құрметті Адилхан Султанов!
Арызыңызға орай хабарлаймыз, 5 ш/а, №1 үй мекенжайдағы тұрғын үйде орнатылған жылу энергиясын есепке алу аспабының аралық тексеру интервалы мерзімі өткен. Осы аспап «Жайықжылуқуат» АҚ теңгерімінде есепте жоқ. «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы «Казбатысссервис» ЖШС басқарушы компаниясына жылу энергиясын есепке алу торабын уақытында тексеруден өткізу туралы 10.05.2019ж. шығ.№177 хатты жолдады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану ережелерінің» 5-тармағы 25-тармақшасына сәйкес Жылу энергиясының коммерциялық есептеу құралын күту, техникалық қызмет көрсету және тексеру теңгерімдік тиесілікке сәйкес жүзеге асырылады. Коммерциялық есепке алу құралдарын тексеру: 1) аралық тексеру интервалы мерзімі өткен жағдайында жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда пайдаланылған жылу энергиясы үшін төлемақы бекітілген тариф бойынша есептелінуде, себебі үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өткен жоқ.
Жылумен жабдықтау сапасының мәсілесі бойынша осы тұрғын үйге қызмет көрсететін «Казбатысссервис» ЖШС басқарушы компаниясына жүгінуді ұсынамыз.
Үй ішіндегі ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсететін, тиісті техникалық жағдайда ұстап күтетін - кондоминиум басқару органы, ПИК.
«Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 62-тармағына сәйкес ПИК немесе кондоминиум объектісін басқару органы басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі жағынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі бойынша анықталады деп жауап бердіңіз. Мен КСК барып сұрағанда есептегіш 20 қаңтар күні қойылғанын айтты. Ал қаңтар айына жылу төлеу пунктінде шаршы метр бойынша есептеліп тұрғанын айтты. Қайта есептеу жүргізіле ме және неше айға. Екінші мәселе үйіміз бір бөлмелі болғанымен үйімізге жылу жеткіліксіз. 13 шаршы метр бөлмені кондиционердің көмегімен жылытуға мәжбүрміз. Өзіңіз білесіздер биыл қыс жылы болып тұрғанның өзінде осындай. Бұрын батареямыз ыссы болушы еді. Қазыр салқын болмағанымен бірақ 13 шаршы метр бөлмені жылытуға сегіз секциялы батареяның қуаты неге жетпейді?
Жауап: Құрметті Адилхан Султанов! Сізге хабарлаймыз «Казбатыссервис» ЖШС БК жылу энергиясын есепке алу құралын тексеруден өткізуді растайтын тиісті құжаттарды ұсынған жоқ. Осыған байланысты пайдаланылған жылу энергиясы үшін есептеуді бекітілген тариф бойынша жүргізілді.
5 шағын ауданы №1 үй мекен жай бойынша тұрғын үйдің ішкі жылыту жүйесіне тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде Сіз үйде болған жоқсыз. В обследованных квартирах № 94, 100 пәтерлердің ішкі жылыту жүйесі жұмыс жасап тұр, ауа температурасы +23оС, +24оС құрайды, бұл шарт міндеттемесіне сәйкес келіп отыр.
12.01.20 Султанов Адилхан Былтыр жылу өлшеуіш аспабымен төлегенде шаршы метрмен төлгенге қарағанда екі еседей аз шығатын қазыр шаршы метрмен төлегеннен де көп. Ал үйге жылу шамалы. Орташа ауа райының өзінде кондиционер арқылы жылытамыз. Үйіміз 240 пәтерлік. Барлығы бір бөлмелік. неліктен жылу қымбатқа шығып тұр Жауап: Құрметті Адилхан Султанов!
Арызыңызға орай хабарлаймыз, 5 ш/а, №1 үй мекенжайдағы тұрғын үйде орнатылған жылу энергиясын есепке алу аспабының аралық тексеру интервалы мерзімі өткен. Осы аспап «Жайықжылуқуат» АҚ теңгерімінде есепте жоқ. «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы «Казбатысссервис» ЖШС басқарушы компаниясына жылу энергиясын есепке алу торабын уақытында тексеруден өткізу туралы 10.05.2019ж. шығ.№177 хатты жолдады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану ережелерінің» 5-тармағы 25-тармақшасына сәйкес Жылу энергиясының коммерциялық есептеу құралын күту, техникалық қызмет көрсету және тексеру теңгерімдік тиесілікке сәйкес жүзеге асырылады. Коммерциялық есепке алу құралдарын тексеру: 1) аралық тексеру интервалы мерзімі өткен жағдайында жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда пайдаланылған жылу энергиясы үшін төлемақы бекітілген тариф бойынша есептелінуде, себебі үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өткен жоқ.
Жылумен жабдықтау сапасының мәсілесі бойынша осы тұрғын үйге қызмет көрсететін «Казбатысссервис» ЖШС басқарушы компаниясына жүгінуді ұсынамыз.
Үй ішіндегі ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсететін, тиісті техникалық жағдайда ұстап күтетін - кондоминиум басқару органы, ПИК.
«Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 62-тармағына сәйкес ПИК немесе кондоминиум объектісін басқару органы басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі жағынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі бойынша анықталады.
31.10.19 Нургалиева Саламатсыз ба? Стройтель микрорайонында 38 уйде ыстық су нормаға сайкес келмейди, тек жылы су ағады, кскга айтсак сиздерге жолдап тұр. Сондықтан ыстық судын температурасын нормага сәйкес болуын кимнен сураймыз Жауап: Құрметті Нургалиева! Сіз пәтеріңіздің нөмірін көрсетпедіңіз. Строитель ш/а, 38 тұрғын үйде ішкі ыстық сумен жабдықтау жүйесіне тексеру жүргізілді. Осы тұрғын үйге ыстық су жылу пунктінен беріледі. Ыстық сумен жабдықтау параметрлері нормаға сай келеді. Тексерілген пәтерлерде ыстық суға шағым болмады.
 

Adding an entry to the guestbook
Тест CAPTCHA для предотвращения спама