КСРО Кеңес Министрлігі 1952 жылы 20-мамырда № 1226р-ші «Орал қаласында ЖЭО салу туралы» шешім қабылданды.
Бұл қажеттілік Орал облысында 60-шы жылдардың басына дейін электр энергиясы мен жылу энергиясының орталықтандырылған көзі болмауынан туындады. Қаланың кейбір кәсіпорындарында — механикалық зауытта, арматуралық зауытта, Ворошилов атындағы зауытта локальды дизель электр станциялары жұмыс істеп тұрды. Электр энергиясының көздері аз қуатты, кернеуі төмен болып, тіпті қаланың кішкентай ғана ауданын электрмен жеткілікті жабдықтай алмады.
Орталықтандырылған жылумен жабдықтау да болмады: көмірмен жұмыс істейтін бірнеше қазандық шамамен елу шақты тұрғын үйді жылумен қамтып отырды.
Орал ЖЭО құрылысы 1953 жылы басталды. Сол кезде «Уральскпромстрой» тресі құрылды. Ол 40 жылдан астам уақыт электр станциясында құрылыс, монтаждау, қайта құру жұмыстарын атқарып келді.
1960 жылғы 22-желтоқсанда Брянск машина жасау зауытында шығарылған қуаты 12 МВт ПТ-12-35/10 типті ст. № 1 бірінші турбиналық агрегат пен өнімділігі 50 т/с қарағанды көмірімен жұмыс істейтін БКЗ-50-39-ф энергетикалық қазан іске қосылып, 1961 жылғы 2-қаңтардан бастап БКЗ-50-39-ф типті ст.№ 2 энергетикалық қазан жұмыс істей бастады.
1961 жылы жылу желілерінің құрылысы басталып, «Уральскпромстрой» ТБӨ зауытына бу берілді. Сол кезде 1961 жылғы желтоқсан айында тағы бір БКЗ-50-39-ф типті ст.№ 3 энергетикалық қазан мен ст.№ 2 турбиналық агрегат іске қосылды.
Батыс Қазақстан Халық шаруашылық кеңесі басшылығы бекіткен жобалық тапсырмаға сәйкес 1962 жылғы 2-қазанда Орал ЖЭО-сын кеңейту жобасы әзірленді.
Жылу-электр орталығында әрқайсысының өнімділігі 75 т/с БКЗ-50-39-ф типті екі энергетикалық қазан қосымша орнатылды, 1966 жылғы желтоқсанда ст.№ 4, ал 1969 жылғы желтоқсан айында қуаты 12МВт ст.№ 3 турбиналық агрегат қондырылды.
1967 жылғы тамыз бен 1969 жылғы сәуір аралығында ст. № 1, 2, 3 энергетикалық қазандар М-100 маркалы оттық мазутты жағуға көшірілді. 1971 жылғы қыркүйектен 1973 жылғы шілдеге дейін әрқайсысының өнімділігін 75 т/с дейін арттыру мақсатында ст. № 1, 2, 3 энергетикалық қазандар модернизацияланды.
1970 жылғы қараша айында ст. № 2 турбинасы нашарлаған вакуум режиміндегі жұмысқа көшірілді, 1975 жылғы қаңтарда ст.№ 3 турбинасы ауысты.
1965 жылы Орал ЖЭО-сы Куйбышев энергетикалық жүйесіне қосылды. Ал 1973 жыл мен 1981 жыл аралығында қаланы жылумен жабдықтау мақсатында әрқайсысының жылу өнімділігі 100 Гкал/сағ. ПТВМ-100 типті төрт су ысытқыш қазан іске қосылады.
1979-1980 жылдары орташа қысымды газ тарату пункті мен 0,5-1,0 атм. төменгі қысымды газ құбыры салынды.
1980-1981 жылдары қазандарды табиғи газға көшіру жұмыстары атқарылды.
1980,1982 ж.ж. Басэнергожөндеу ОКБ жобасына сәйкес қысымға қарсы жүйесіне көшіру мақсатында ПТ-12-35/10 ст. № 1, 2 типті турбиналар модернизациядан өтті.
1994 жылы Калуга турбиналық зауытының ПТ-12-35 жаңа турбинасы мен Лысьвенск зауытының Т-2-12 генераторын орнату үшін ПР-10-35 ст.№ 2 турбинасы демонтаждалды.
Қазіргі таңда Орал ЖЭО-да келесі негізгі жабдық орнатылған:
энергетикалық қазандар | - БКЗ-75-39ГМ | - ст. № 1- 5 |
су ысытқыш қазандар | - ПТВМ-100 | - ст. № 6-9 |
- КВГМ-100 | - ст. № 10-12 | |
бу турбиналары: | - ПР-10-35/10/1,2 | - ст. № 1 |
- ПТ-12/15-35/10М | - ст. № 2 | |
- ПТ-8-35/10 | - ст. № 3 |
2002 жылы жапон мемлекеттік НЕДО ұйымы мен Қазақстан Үкіметі атынан ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, ҚР Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, БҚО әкімдігі арасында «Орал ЖЭО-да энергия сақтау технологиясын енгізудің модельдік жобасын» жүзеге асыру бойынша Өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Келісім бойынша НЕДО ұйымы жапон жағынан энергетикалық жабдықты жеткізуге демеуші болып табылып, қазақстандық жақтан да қосымша жабдықты сатып алуға және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге бюджет қаражаты жұмсалды. Бұл жоба елдер үкіметтерінің бірлескен жұмысының үлгісі ғана емес, сонымен бірге қазақстандық және жапондық компанияларының бірлескен жұмыстарының жетістігі болып табылады.
2004 жылы жобаның іске асырылуы құрылыс-монтаждау жұмыстары сатысына өтті. Жұмыстарға қазақстандық компанияларымен қатар жабдық пен қондырғыларды өндіруші жапон компанияларының, соның ішінде Тохоку Электрик Пауэр компаниясының өкілдері қатысты. Қазақстан бойынша және жеке энергетикалық салада жаңа технологияларды енгізу маңыздылығын ерекше атайтын Елбасымыз 2006 жылғы қазан айында газтурбина қондырғысын ресми түрде іске қосты. Компаниямыздың жаңа энергия үнемдеу технологияларын пайдаланып электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіретін қазақстандық энергетикалық компаниялардың қатарынан табылғанына қуанамыз. Артық айтқандық емес, Орал жылу-электр орталығындағы жаңа ГТҚ қаламыздың бетке ұстар нысандарының біріне айналды.
Осы жоба бойынша «Хитачи» зауыты шығарған газ турбинасы, қазан-утилизатор, газ компрессоры, блокты трансформатор, генератор, әуе компрессоры сияқты жабдықтарды жеткізу жапондық тараптың міндетіне кірді. Іске қосу сәтінен бастап жабдықты пайдалану мерзімі — 25 жыл.
Жабдықтың техникалық сипаттамасы:
2006 жылғы 19-сәуірде Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2008 жылдан бастап Республикамызда электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы енгізілді. Бәріне мәлім, өндіру, тарату және тұтыну кезіндегі электр энергиясының есебі бойынша сенімді және нақты деректерді алуда автоматтандырылған электр энергиясын бақылау және есепке алу жүйесі негізгі аспап болып табылады. Орал ЖЭО-да электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қойылатын барлық талаптарды ескеріп құрылған «SANAU» ЭКЕАЖ бағдарламалық кешені енгізілді. «SANAU» ЭКЕАЖ есепке алу талабынан деректерді қазіргі және сапалы жиналуын және деректердің кейінгі сенімді сақталуын, олардың жүйеленуі мен талдануын қамтамасыз етеді. «SANAU» ЭКЕАЖ арқасында электр энергияның (мысалы, ұрлау) ашық және жасырын жоғалтуларын анықтауға, энергия тұтыну желісінің жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жасауға, талдау мен болжалдаудың ең алдыңғы методологияларын ендіруге болады. «SANAU» ЭКЕАЖ ақпаратты заңсыз кіруден қорғайды.
Орал ЖЭО-сы бұдан әрі де Батыс Қазақстан облысының энергетикалық жүйесінің дамуына өз үлесін қосып, өзіне жүктелген міндеттерді атқарып тұрады.