Кестеге сәйкес 2015 жылғы 19-20 мамыр күндері №2,3,5 магистралдар мен кварталішілік жылу желілерінде гидравликалық сынау жұмыстары жүргізіледі, сондықтан Молдавская, Ярославская, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Кердері, Құрманғазы, Ықсанов көшелерінде, Еуразия, Достық даңғылдарында, т/ж бекеті, «Омега» зауытыауданында, Локомотивная көшесінде тұратын тұтынушыларға ыстық су берілімі тоқтатылады. Сынаулар өткен соң ыстық су тұрғын үйлерге беріле бастайды. Жылу желілерінің анықталған авариялық учаскелері қысқа мерзімде жөнделетін болады.
Қонаев атындағы шағынауданда жылу желісін күрделі жөндеу басталды. Жөндеуге байланысты ағымдағы жылдың 18 мамырынан бастап шамамен 20 шілдеге дейін ыстық су айырылады, сонымен бірге автокөлік қозғалысы үшін көшелер жабылады.
Тұрғын үйлердің тізімі тіркелді.
Байланыс телефондары: №2 учаске - 531951, №3 учаске- 532842, №4 учаске -537279, ОДҚ -239507, ӨТБ -239537.