«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
Хабарландыру. Гидравликалық сынау.
10.04.2026
 
 

     «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы жылу энергиясы тұтынушылары мен қала тұрғындарының назарына 16.04.2026 ж. сағат 9.00-ден бастап 6 кгс/см² дейінгі қысыммен, жылу тасығыштың 1050С дейін есептік ең жоғары температурасына кварталішілік жылу желілерімен бірге 2, 3, 5, 7, 4, 6, 8 - ЖМ жылу магистральдарын гидравликалық сынау жұмыстарының жүргізілетінін хабарлайды. 

     Сынаулар кезеңінде тұтынушылар жылу пункттері мен басқару тораптарындағы ішкі жылыту, ыстық сумен жабдықтау және желдету жүйелерін ажыратуы тиіс. 

     Сынаулар мерзіміне жылу желілерінің құбырлары өтетін және жылу құдықтары орналасқан жерлерде болуға және кез келген жұмыстарды жүргізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. 

     Құбырлардың жарылуы, жылу тасығыштың жылыстауы анықталған жағдайда 24-04-08, 24-01-63 телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз. 

     «Жайықжылуқуат» АҚ әкімшілігі.