«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
Хабарландыру.
01.07.2026
 
 

     «Жайықжылуқуат» АҚ 2026 жылдың І-жартыжылдығындағы жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау бойынша табиғи монополия субъектісінің қызмет нәтижелері туралы жария тыңдаулардың өткізілетінін хабарлайды.  Жария  тыңдаулар 2026 жылғы 31 шілдеде сағат 12-де Орал қаласы, ЖЭО ауданы, 13, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша өтеді.

     Тыңдауға қатысуға барлық мүдделі тұлғалар шақырылады. Ғимаратқа кірудің рұқсаттама тәртібіне байланысты тыңдаушылардың алдын ала тізімі жасалады. Тізімді жасақтау мерзімі тыңдау өткізілетін уақыттан 24 сағат бұрын аяқталады. Алдын ала тіркелу үшін телефон: 24-06-58.