«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
Хабарландыру.
24.04.2026
 
 

     «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы жылу энергиясы тұтынушылары мен қала тұрғындарының назарына  27.04.2026 ж. бастап А.Черекаев, Х.Доспанова, Ә.Кердері, көшелері, Н.Назарбаев даңғылы, Сарайшық, А.Құсайынов, Ж.Молдағалиев, М.Мәметова көшелері, Юбилейная ауданы, Абай даңғылы, Юбиляр ауданы, «Школьник», Т.Масин көшесі, Құрманғазы көшесі,  «Зенит» зауыты ауданы, Ә.Молдағұлова, "Нан зауыты"ауданы, Локомотивная көшелері, № 4 ЖОББМ ,Теміржол бекеті, «Омега» зауыты,   № 22 ЖОББМ, Сыра зауыты аудандарында кварталішілік жылу желілерімен бірге 2, 3, 5, 7 -ЖМ жылу магистральдарын гидравликалық сынауға дайындық жұмыстарының жүргізілетінін хабарлайды. 
    16 атм. дейінгі гидравликалық сынаулар  28.04.2026ж. сағат 9:00-де басталады.
    Сынаулар кезеңінде тұтынушылар жылу пункттері мен басқару тораптарындағы ішкі жылыту, ыстық сумен жабдықтау және желдету жүйелерін ажыратуы тиіс.
    Сынаулар мерзіміне жылу желілерінің құбырлары өтетін және жылу құдықтары орналасқан жерлерде болуға және кез-келген жұмыстарды жүргізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
    Құбырлардың жарылуы, жылу тасығыштың жылыстауы анықталған жағдайда келесі телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз: 24-04-08, 24-01-63.                            
    Сынаудан өткен жылу желілері, ыстық су берілімімен бірге мерзімінен бұрын қосылады.