Бұрын хабарланғандай 2025-2026ж.ж. жылыту маусымына дайындық шеңберінде «ЖЭО коллекторынан 10-ЖК («Сити Орталық» СО ауданы) түсуге дейін 2-ЖМ қайта құру» жұмыс жобасын іске асыру бойынша 2025 жылға 3,97 км трассаны ауыстыру жоспарланды. Соған байланысты 2-ЖМ жылу магистралінің диаметрі 1020мм порталы демонтаждалады.
Жоғарыда айтылғанның негізінде қала тұрғындарын 2025 жылғы 27 мамыр күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Черекаев-Арал көшелері қиылысындағы автокөлік жолының жабылатынын хабарлаймыз.
Құрметпен, «Жайықжылуқуат» АҚ