Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
«Жайықжылуқуат» АҚ 8 қыркүйектен 14 қыркүйекке дейін жылу электр орталығының (ЖЭО) жоспарлы жөндеу және профилактикалық жұмыстарына байланысты ыстық су мен ЖЭО-дан берілетін электр энергиясының уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Аталған жұмыстар алдағы жылыту маусымында сіздерді жылумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.