«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданы индекс: 090005Уральская ТЭЦ
Западно-Казахстанская область город Уральск, район ТЭЦ индекс: 090005Маркетинг бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Аманжолов көш 178

«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Уральская ТЭЦ

Западно-Казахстанская область
город Уральск, район ТЭЦ
индекс: 090005

Маркетинг бөлімі

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы,
Аманжолов көш 178

Есепке алу аспабын орнату

Жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату- мемлекеттік энергия үнемдеу саясатының бөлігі.

Жылумен жабдықтауды есепке алу аспабына ауысу қажеттілігі ҚР «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңдарымен қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі 2013 жылдың қазанында орталықтандырылған жылумен жабдықталып отырған көп пәтерлі тұрғын үйлерді 100% жылуды есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етуге нұсқау берді.

Есепке алу аспаптарын орнату жылу энергиясын тиімді пайдалану арқылы қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажет. Есепке алу аспаптарын көп пәтерлі тұрғын үй секторында орнату адамдарға тиімді ғана емес, ол — уақыт талабы. Ресурстарды үнемдеу мемлекеттік қажеттілікке айналды.

Есепке алу аспабын орнату өздігінен үнемділік бермейді және энергия үнемдеу іс-шарасы болып табылмайды. Аспап тек тұтынылған энергияны тіркейді. Аязды айларда жылу есептегіші бар тұтынушылар басқаларға қарағанда көп төлейтін жағдайлары да болады. Алайда, қазан, қараша, наурыз және сәуір айларында олар басқа қала тұрғындарына қарағанда жылуға аз төлейді. Жылу есептегіш бірден екі міндетті атқарады: нәтижелері жылу жеткізушісі мен тұтынушы арасындағы есеп айырысуда пайдаланылатын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйелерінде технологиялық бақылау құралы қызметін атқарады.

Тұрғын үйде жылу есептегішті орнату тұрғындарға жылытылатын ауданның абстрактты текше метрлер үшін емес, үйлеріне келген нақты жылу үшін ақы төлеуге мүмкіндік береді. Жеке алынған үйдің энергетикалық тиімділігі тұрғындардың өз қолында. Тәжірибе көрсеткендей, көпшілік жағдайда энергия үнемдеу шараларын іске асыруға жұмсалған шығынның орны толады.

Шығын өлшегіштер құбырдың диаметрі бойынша емес шығын бойынша таңдалады. Әрбір шығын өлшегіш түрінде зауыт дайындаушының өзінің есептелінген шығын кестесі болады, ол бойынша берілген жүктеме үшін қандай диаметр сай келетіні анықталады. Сонымен қатар минималды және максималды шығынның диапозоны есепке алынады, себебі шығын өлшегіш жазғы (min) және қысқы (max) кезеңдерде жасайды. Кесте бойынша барлық жеке параметрлер кірме құбырлар диаметрімен сәйкес келе бермейтін шығын өлшегіштің диаметрі алынады. Осыдан шығынға ықпал етпейтін көзге көрінетіндей тарылу пайда болады.

Орал қаласы бойынша барлығы 213 үйге 223 есепке алу аспабы орнатылды, оның ішінде 128 аспапты «Жайықжылуқуат» АҚ орнатты. Осы кезде 189 тұрғын үй бойынша орнату және іске қосу — жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оны жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Барлығы 317 тұрғын үйді құрайды. 2015 жылға 478 үйге ортақ есепке алу аспаптарын орнату жоспарлануда.