«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданы индекс: 090005Орал ЖЭО
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданыиндекс: 090005Маркетинг бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Аманжолов көш 178

«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Орал ЖЭО

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Маркетинг бөлімі

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы,
Аманжолов көш 178

Жылу-электр орталығын тоқтату туралы ақпарат
18.09.2019
 
 

«Жайықжылуқуат» АҚ жылу және электр энергиясын өндіретін объекті және Орал қаласындағы орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың бірден-бір көзі болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті – меншікті жылу көздері жоқ қала тұрғындарын, бюджеттік, коммуналдық-тұрмыстық ұйымдарды, шағын және орта бизнес, денсаулық сақтау нысандарын жылумен жабдықтау (жылу мен ыстық суды беру).

Станция жыл бойына жұмыс істейді. Жабдықтардың бір бөлігі, сондай-ақ жекелеген құбырлар мен бу құбырлары кернеулі күйде, артық қысыммен, жоғары температурамен жұмыс істеп тұрады. Осындай жабдыққа қызмет көрсету және оны жөндеу үшін жыл сайын станцияны түгел тоқтату қажет.

Жылу-электр орталығын (ЖЭО) түгел тоқтатқан кезде: жылу желісінің беруші және қайтарушы коллекторлары беріктікке және тығыздыққа гидравликалық сыналады; өткір және өндірістік бу коллекторлары, қоректендіру су коллекторлары техникалық куәландырудан өткізіледі; газ шаруашылығының жабдықтары түгенделеді және жөнделеді; жылу желісінің, бу құбырларының, қоректендіру құбырларының бекітуші және реттеуші арматурасы түгенделеді; күштік трансформаторлар мен барлық кернеу класының тарату құрылғыларының секциялары түгенделеді; лай ұстағыштар, тұндырғыштар, резервуарлар, сүзгіштер түгенделеді және тазартылады; қорғаныс және автоматика, атқарушы механизмдердің сұлбалары түгенделеді, реттеледі және жөнделеді; тексеруден өткізу үшін қорғаныс, есепке алу және бақылау аспаптары алынады да дайындалады.

Кәсіпорын басшылығы жылу-электр орталығының тоқтауы мен тұрғындарға ыстық су берілімін тоқтатудан болатын қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұрайды. Аталған іс - шаралар екі күніне 21.09.2019ж.-22.09.2019ж. аралығына жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, 21.09.2019 жылы сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін «Батыс су арнасы» ЖШС-нің Орал өзені ЖЭО суалғысынан су берілімі тоқтатылады. Осы кезеңде үнемі артық қысым астында жұмыс істейтін суалғының сорғы станциясының жабдығына профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.