«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы жылу энергиясы тұтынушыларының мәліметіне хабарлайды, ҚР ҰЭМ ТМРК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің   27.11.2020 жылғы №120-НҚ бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметіне тарифтер бекітілді және қолданысқа енгізіледі: 
       мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарға 1 Гкал үшін – ҚҚС-пен  12746,94 теңге;
       басқа тұтынушыларға 1 Гкал үшін – ҚҚС-пен 4869,86 теңге;
       тұрғындарға:
    • 1 Гкал үшін – ҚҚС-пен  4099,56 теңге;
    • 1 текше метр суды жылыту үшін – ҚҚС-пен 217,28 теңге;
    • суды жылыту үшін 1 адамға айына – ҚҚС-пен 793,06 теңге.
     Тұрғындарға 1 текше метрді жылытудың құны– ҚҚС-пен 129,14 теңге.