«Жайықжылукуат» акционерлік қоғамы жылу энергиясының тұтынушылары мен қала тұрғындарына 21.04.2025ж.-23.05.2025ж. аралығында Орал қаласындағы жылу желілерін гидравликалық сынау жұмыстарының жүргізілетінін хабарлайды. «Жылу энергиясын (жылу желілерін) тасымалдау және бөлу жүйелерін техникалық пайдалану жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа» сәйкес 2025-2026 ж.ж. жылыту маусымына әзірлеу үшін жылу желілерін тығыздыққа және беріктікке магистралдық желілерін 16 атм. дейінгі және кварталаралық желілерді 12 атм. дейінгі қысыммен сынау өткізіледі.
Тұтынушылар сынаулардың өтуі кезеңіне жылу пункттері мен басқару тораптарындағы ішкі жылумен, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін және желдетуді айыруға тиісті.
Сынау мерзіміне жылу желілерінің құбырлары өтетін және жылу құдықтары орналасқан жерлерде болуға және кез-келген жұмыстарды жүргізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Сынаудан өткен жылу желілері ыстық су берілімімен бірге мерзімінен бұрын қосылады.
Құбырлар жарылып, жылу тасымалдағыштың жылыстауы анықталған жағдайда келесі телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз: 24-04-08, 23-79-57, 8-747-162-27-47