«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданы индекс: 090005Орал ЖЭО
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданыиндекс: 090005Маркетинг бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Аманжолов көш 178

«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Орал ЖЭО

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Маркетинг бөлімі

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы,
Аманжолов көш 178

Өртке қарсы оқу-жаттығулар туралы.
24.02.2017
 
 

       Төтенше жағдайлар туындаған кезде өртті сөндірудің практикалық дағдыларын және өндірістік ғимараттардан персоналды эвакуациялау бойынша ұйымдастыру іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында 2017 жылғы 24 ақпанда Орал жылу-электр орталығында өртке қарсы оқу-жаттығуы мен оқу дабылы өткізілді.
       Өртке қарсы оқу-жаттығу «Өрт сөндіруші» АҚФ  мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен бірлесе жүргізілді. «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы мен аталған мекеме арасында Орал жылу-электр орталығы және БГҚ блогы объектілерінде өрттің алдын алуға және оны сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бағытталған жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.
       Оқу-жаттығуда өртке ұқсату құралдары қолданылып, «Өрт сөндіруші» АҚФ ЗИЛ-130 АЦ-40 өрт сөндіру автомобилі жүргізушілері мен Орал ЖЭО ерікті өрт сөндіру құралымының жеке құрамы қатыстырылды. Оқу-жаттығу барысында әскери өрт сөндіру тобын өрістету және өндірістік ғимараттардан толықтай адамдарды эвакуациялау іс-әрекеттері пысықталды.