«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданы индекс: 090005Орал ЖЭО
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданыиндекс: 090005Маркетинг бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Аманжолов көш 178

«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Орал ЖЭО

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Маркетинг бөлімі

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы,
Аманжолов көш 178

Наурыз мейрамын тойлау туралы.
27.03.2017
 
 

2017 жылғы 18 наурыз күні «Жайықжылуқуат» АҚ-да еңбек, бейбітшілік және достық нышаны болып табылатын Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік іс-шараны өткізу үшін кәсіпорын офисінің ішкі ауласында киіз үй тігіліп, ішіне қонақтар үшін бөлімшелер дайындаған ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан жайылды. Сонымен бірге барлық келгендер мерекелік тағамдар - наурыз көжеден, бауырсақ пен палаудан ауыз тиді.
    Мерекеге кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінен қызметкерлер қатысты. «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры Мұрат Болатұлы Байменов, мереке қонақтары – қала әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев, кәсіпорын Ардагерлері кеңесінің төрағасы Хатеп Ишанбекұлы Ишанбеков және еңбек ардагері Лидия Георгиевна Ткачева ұжым алдында құттықтау сөзін сөйледі.
    2011 жылдан бері Наурыз мерекесін атап өту кәсіпорын үшін жыл сайынғы дәстүрге айналды, ал биылғы Наурыз кәсіпорнымыздың өнерлі қызметкерлерін көпшілікке танытты. Мерекелік шара Жылу-электр орталығының қызметкерлері дайындаған «Қазақстаным-ортақ шаңырағым» атты композициямен басталды. Шараның салтанатты бөлімінен, дәстүрлі шашу мен батадан соң көркем өнерпаздар өз бағдарламасын бастады.
     Концерттің жүргізушілері Толқынбек Лұқпанов пен Олеся Якушева жылы ылтипатпен өз әріптестеріне қолдау көрсетіп тұрды. ЖЭО электр цехының электр жөндеушісі Нұрлан Қожахметтің, көлік учаскесінің жүргізушісі Айдар Ақташовтың, ЖЭО жетекші инженері Роза Кулешованың, маркетинг бөлімінің бақылаушысы Назгүл Хасанованың, кішкентай бүлдіршін Лұқпан Мақпалдың шеберлікпен ән орындаулары тыңдармандарды тәнті етті. Ал Тельман мен Тайман Сисалиевтердің, №1 учаске слесарі Рамазан Сазанбаевтың орындауындағы күмбірлеген күйлер баршаның көңілінен шыққаны сөзсіз. №7 учаске қызметкерлері халық салт-дәстүрінің көрінісі «Тұсау кесу» рәсімін тамаша орындады. Мерекеде ЖЭО би тобының мың бұрала орындаған «Қара жорға» биі және жылу инспекциясы, ЖЭО, қазандық шаруашылығы қызметкерлерінің орындауындағы Қазақстан халықтары билерінен попурри өте әсерлі шығып, көрермен қошаметіне ие болды. Концерттік бағдарлама кәсіпорын қызметкерлері хоры мен мереке қонағы Камалиден Айтбайдың орындауындағы «Атамекен» әнімен тәмамдалды.
    Сонымен бірге концерттік бағдарламамен қатар кәсіпорын қызметкерлері бөлімшелер арасында өткізілген «Кір тасын көтеру» және «Арқан тарту» сайыстарында өз күштерін сынады.
    Іс-шараға белсене қатысқан барлық қызметкерлер ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.