«Жайықжылуқуат» АҚ жылу энергиясының тұтынушылары мен қала тұрғындарын хабардар етеді, 17.04.2018ж. мен 30.04.2018ж. аралығында Орал қаласындағы жылу желілерін гидравликалық сынау жұмыстары жүргізіледі. 2012 жылғы 10 ақпандағы №4 Жылу желілерін пайдалану нұсқаулығына сәйкес 2018-2019ж.ж. жылыту маусымына жылу желілерін эзірлеу үшін тығыздыққа жэне беріктікке магистралдық желілерін 16 атм. дейінгі және кварталаралық желілерді 12 атм. дейінгі қысыммен сынау өткізіледі.
Тұтынушылар сынаулардың өтуі кезеңіне жылу пунктілері мен басқару тораптарындағы ішкі жылумен, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жэне желдетуді айыруға тиісті.
Сынаулар мерзіміне жылу желілерінің құбырлары өтетін және жылу құдықтары орналасқан жерлерде болуға жэне кез-келген жұмыстарды жүргізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Сынаудан өткен жылу желілері ыстық су берілімімен бірге мерзімінен бұрын қосылады.
«Жайықжылуқуат» АҚ әкімшілігі