«Жайықжылуқуат» АҚ жылу энергиясы тұтынушыларының назарына хабарлайды, Қазақстан Республикасында карантиннің ұзартылуына байланысты табиғи монополия субъектісінің 2020 жылғы 1 жартыжылдықтағы жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау бойынша қызметінің нәтижелері жөніндегі жария тыңдауларды өткізу кейінгі мерзімге ауыстырылады. Жария тыңдауларды өткізудің жаңа күні мен уақыты туралы қосымша жарияланатын болады.