«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданы индекс: 090005Орал ЖЭО
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданыиндекс: 090005Маркетинг бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Аманжолов көш 178

«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Орал ЖЭО

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Маркетинг бөлімі

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы,
Аманжолов көш 178

Батыс Қазақстан облысы әкімінің Орал ЖЭО-на келуі.
30.06.2017
 
 

2017 жылғы 28 маусымда Орал жылу-электр орталығына жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов келді.

Сапар барысында жылу-электр орталығын қайта құру мәселесі талқыланды. Бұрын хабарланғандай 2016 жылғы 27 маусымда БҚО әкімдігі, Орал қаласы әкімдігі, «Жайықжылуқуат» АҚ және Еуропа қайта құру және дамыту банкі (ЕҚДБ) арасында Жобаны қаржыландыру туралы Алдын ала келісім жасалды.   

Облыс әкімі ЕҚДБ сарапшыларымен бірге жаңғыртуға ұсынылатын объектілерді аралап шықты. Сарапшылар өз жұмысының алғашқы нәтижелерімен таныстырды. 

 

Сапар шеңберінде физикалық тозығы жеткен ескі ст. №1 және ст.№2 турбина агрегаттарын заманау агрегаттарға ауыстыру жөнінде презентация ұсынылды. Ол бойынша әр турбина агрегатының электр қуаты 18 МВт дейін көтеріледі, бұл электр энергиясының босату көлемін едәуір өсіруге, сондай-ақ қазіргі тұрған градирняны қуатты түріне ауыстыруға мүмкіндік береді.