«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданы индекс: 090005Орал ЖЭО
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданыиндекс: 090005Маркетинг бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Аманжолов көш 178

«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Орал ЖЭО

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Маркетинг бөлімі

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы,
Аманжолов көш 178

2016 жылғы Энергетиктер күні.
29.12.2016
 
 

       Биылғы жылы Энергетиктер күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Мерекелер қарсаңында 2016 жылғы 21 желтоқсан күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда Энергетиктер күніне арналған «Жайықжылуқуат» АҚ ұжымының салтанатты жиналысы өтті.  Мерекелік шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Оразалдыұлы Азбаев, Орал қаласы әкімінің орынбасары  Алтынбек Кеңесұлы Қайсағалиев, облыстық энергетика және тұрғын үй-шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Ғұбашұлы Орынғалиев, Аумақтық атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау департаментінің басшысы Серікболат Есенғалиұлы Ешев, сондай-ақ коммуналдық қала кәсіпорындарының басшылары қатысты.
       Бұл күні өз еңбегімен қаламызды жылу және электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын қызметкерлерінің атына көптеген жылы лебіздер айтылды. Әдеттегі дәстүр бойынша осынау атаулы күні энергетикалық сала үздіктері  жоғары наградалар мен атақтарға ие болып, облыс әкімдігі, қала әкімдігі, Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы және Қазақстан кәсіподақтар федерациясы атынан құрмет грамоталармен марапатталды.
       Салтанатты жиналыс облыстық филармония ұжымы әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды.
       Сонымен бірге 2016 жылғы 27 желтоқсан күні Орал ЖЭО акт залында Энергетиктер күніне арналған тағы бір салтанатты жиын өтті. Жиында кәсіпорынның бас директоры Мұрат Болатұлы Байменов ұжымды төл мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге кәсіпорын әкімшілігі атынан алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыстады. Сондай-ақ, «Жайықжылуқуат» АҚ алғыс хаттарына бірнеше адал тұтынушылар мен үздік ПИК ұжымдары ие болды.
        Қала кәсіпорындары арасындағы спорттық іс-шараларда кәсіпорын атағын қорғап жүрген қызметкерлер дипломдармен марапатталды.  
        Кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Д.Нугманов, коммерциялық директор В.Ю.Солодилов, техникалық директор Н.О.Жумалиев сөз сөйлеп, ұжымды мерекемен құттықтады.
        Жиналыс соңында кәсіпорын қызметкерлері шағын мерекелік концертті тамашалады.