«Жайықжылуқуат» АҚ
ҚазРус
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданы индекс: 090005Орал ЖЭО
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, ЖЭО ауданыиндекс: 090005Маркетинг бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Аманжолов көш 178

«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Орал ЖЭО

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, ЖЭО ауданы
индекс: 090005

Маркетинг бөлімі

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы,
Аманжолов көш 178

Кері байланыс
Displaying results 21 to 25 out of 28
19.04.18 Байгалиева Арайлым Салауа почему не отвечаете Жауап: Түбіртек Сіз көрсеткен электрондық мекен-жайға жіберіледі. Сіз көрсеткен мекен-жай бойынша берешек сомасы 9692,02 теңгені құрайды.

Квитанция будет отправлена на указанный вами электронный адрес. Сумма долга по указанному вами адресу составляет 9692,02 тенге.
19.04.18 Байгалиева Арайлым Салауа отправьте мне на почту квитанцию или ответьте сколько остаток у меня осталось. Жауап: Құрметті абонент, түбіртекті жазып беру үшін нақты мекен-жайыңызды көрсетіңіз.
Уважаемый абонент укажите свой точный адрес для формирования квитанции.
30.01.18 Гакку Бисенбай Сəлеметсізбе! Х.Чурин 162 адресінде 1 айдан асты ыссы су жок. Қашан қосылады ??? Жауап: Құрметті Гакку Бисенбай! Арызыңызға орай келесіні хабарлаймыз, Х.Чурин көшесі, 162 мекен-жайдағы тұрғын үйдің ішкі ыстық сумен жабдықтау жүйесіне тексеру жүргізілді. Тексеру кезіне пәтеріңіз бойынша жүретін ыстық су тік құбырында вентиль жабық күйінде болды. Вентиль ашылған соң ыстық сумен жабдықтау қалпына келді. Пәтеріңіздегі су тарату орындарында ыстық судың температурасы +52о С құрады.
Үй ішіндегі жылумен және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсететін, тиісті техникалық жағдайда ұстап күтетін - кондоминиум басқару органы, ПИК.
«Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 62-тармағына сәйкес ПИК немесе кондоминиум объектісін басқару органы басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі жағынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі бойынша анықталады.
23.01.18 Asel Сəлеметсіз бе? Менің білгім келгені Зашаған кенті Қамбар батыр көшесі, 6/1 көпқабатты "Жас отау"бағдарламасы бойынша берілген арендалық үй жылу өлшегіш құралдарымен қамтылған. Десе де Сізден келетін шот хабарлама жылытылатын шаршы метр көлемімен келеді. Есептегіш құрал бойынша төлеуге бола ма? Шарт жасау үшін қайда хабарласуға болады? Осыған дейінгі пайдаланылған мерзімді (жылу ақысы төленбеген болса) есептеу құралының көрсетіші бойынша төлеуге бола ма? Рахметю Жауап: Сайтқа берілген сұрағыңызға орай Қамбар Батыр көшесі, 6/1 үй мекен-жайына қатысты хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы шаруашылық істері агенттігінің 2012 жылғы 10-ақпандағы бұйрығымен бекітілген «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда энергия тұтынуды есептеу мен режимі әдістемесінің» 8-тармағы 8.2.1 және 8.2.2. тармақшаларына сәйкес тұтынушы жылыту төлемдерін тек өзінің пәтерлік есептегішінің көрсеткіштері бойынша ғана төлемеуге тиіс. Абоненттер энергиямен қамтамасыз ететін ұйымға үйге ортақ есептегіш көрсеткіші бойынша төлеуі керек және объектінің жалпы мүлігін жылыту қызметінің төлемі кіретін төленген соманы пәтер есептегіштерінің көрсеткіштеріне байланысты және оның ішіне тұрғындар арасында үлестіруге тиіс.
Пәтер ішіндегі жылуды есепке алу құралы бар абоненттер бойынша жылыту маусымының соңында үйге ортақ жылу есептегіші болған жағдайда жеке жылу энергиясын есепке алу құралы бойынша қайта есептеу жүргізіледі. Жылдың аяғында пәтер жылу есептегіштерінің көрсеткіштері алынады да, осы көрсеткіштер бойынша жалпы соманы үлестіру жасалады, және әрбір тұрғын үшін алғашқы мөлшерлеме мен оның есептік төлемінің арасындағы балансы шығарылады. Алынған сома қайтарылады немесе келесі жылға жылу үшін қосымша ақының есебіне жатқызылады.
Жылу энергиясын пәтерлік есепке алу сол үйдегі абоненттердің кем дегенде 75% пәтерлік есептеу құралдарымен қамтылған жағдайда ғана жүргізіледі.
Жылумен жабдықтау шартын жасау үшін Сізге Аманжолов көшесі, 178 мекен-жайға келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Сату-сатып алу шарты, жылжымайтын мүлік орталығы берген жоспар, жеке куәлік (көшірмесі).
22.12.17 Аты және Тегі* Мен Универмаг районында турамын. Айтиева 70. 53 патер. 1болмели уй. Не ушин 5667 тенге толеп отырганымды али тусинбеймин. Жылу казан айында косылды, бирак уйдин бир болмесинде,ягни ас болмесинде жылу жок, батарея салкын, ал екинши болмесинде жылу бар. КСК биз жауапты емеспиз деп отыр. Осы мекемеге жолыгып арыз калдыру керек деп айткан. Осыган жауап кутем. Жауап: Құрметті абонент, арызыңызға орай хабарлаймыз. Әйтиев көшесі, 70 тұрғын үйдегі ішкі жылу жүйесін тексеру сәтіне келесілер анықталды, пәтеріңіздің (ас үй) тік құбыры бойынша жертөледегі вентиль жабық күйінде. Қалған бөлмелердегі жылу жүйесі жұмыс істеп тұр.
Үй ішіндегі жылумен және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсететін, тиісті техникалық жағдайда ұстап күтетін - кондоминиум басқару органы, ПИК.
Қосымша хабарлаймыз, «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 62-тармағына сәйкес ПИК немесе кондоминиум объектісін басқару органы басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі жағынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі бойынша анықталады.